Жаңалықтар

Жетісу ақын - жазушылармен кездесу!

"Кітап time" ІІ жалпы республикалық фестиваль Жетісу ақын - жазушыларымен кездесу. Кеш қонақтары! Ақын, журналист Қуат Қайранбаев пен ақын, Ерлан Жүніс
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Афиша Уақыты: 11.09.2023

«Жылдың үздік жас кітапханашысы – 2023»

2023 жылдың 18 тамыз күні Жетісу облысы С.Сейфуллина атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылардың шығармашылық, іскерлік белсенділігін анықтау және кәсіби әлеуетін жандандыру мақсатында «Жылдың үздік жас кітапханашысы – 2023» областық байқауы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең: Тақырыптық эссе жазу 2 кезең: «Кітапханашы келбеті» бейнетаныстырылым 3 кезең: Жоба, бейнепортфолио 4 кезең: Шығармашылық қойылым Байқауға аудан, қала, ауылдық кітапханарынан 9 кітапханашы бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша «Алғыс хатпен» – Жайлаухан Айсауле, Шарипова Назира, Құрманбаева Мадина марапатталса, «Кітапханашы келбеті» номинациясымен – Бектемысова Асель, «Ұтымды ой зергері» номинациясымен – Байқұлова Мөлдір, «Сұлу сөз, көркем ой шебері» номинациясымен – Жунисова Мақпал , «Өнерлі өр иесі» номинациясымен – Себепова Алия, «Көрерм...
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.08.2023

«Абай – дана, Абай – дара қазақта»

2023 жылдың 10 тамызында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасының жаздық алаңында Абай күніне орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Open-air өтті. Шара барысында ақынның кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылығы насихатталды. Ақын Салтанат Құмархан Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындап, мектеп оқушылары ақын өлеңдерін оқыды. Сондайқ-ақ көрермендерге Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, сауалнама жүргізілді. Аталған іс-шараға Жетісу облыстық Тіл басқармасы мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Мөлдір Қуандық және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызмет басқармасы, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 90 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.08.2023

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалық шақ» атты мерекелік кеші өтті.

Мерекелік шара кітапхана директоры м.а С.Қ. Шаяхметованың құттықтау сөзінен бастау алып, Жетісу облысының балалар жазушыларының кітаптарынан дефиле ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Бақжұлдыз» өнер мектебінің оқушылары ән айтып, би билеп мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапхана фойесінде «Ғажайып сурет әлемі» атты сурет салу байқауы және шахмат, шашки ойындары ойнатылды. Жаздық алаңда «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Балғын балалар- біздің болашағымыз» атты Party-да тик-ток түсіру, фобия, сұрақ-жауап викториналары және түрлі ойындарымен жалғасты. 100 ден аса қала бүлдіршіндері қатысқан шараға Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызмет басқармасы, «Respublica» партиясы және «Party food» тез тамақтану орталығы демеушлік етіп, балаларға түрлі тәттілер үлестіріп, ойын жеңімпаздарын сыйлықтармен марапаттады.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.06.2023

9 мамыр Ұлы жеңіс күніне орай «Жеңіске жеткен халықтың батылдығын жырла» атты музыкалық- әдеби композиялық кеші өтті.

Шараның мақсаты: Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету. Шара барысы соғыста ерлікпен қаза тапқан жауыңгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, отан қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны жайлы «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты бейнесюжетімен басталды. Кіріспе сөзді кітапханашылар бастап әскери ардагерлер сөз сөйледі.Сонымен қатар, ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Әбенова, «Әлия» әнін шырқаса, “АруДэнс” би тобы «Сарбаздар» биін биледі. Мектеп оқушылары Жеңіс күніне арналған арнау өлеңдерін оқып беріп, Селахаттин Мина «Катюша» әнін орындап оқырмандарымызға тамаша көңіл күй сыйлады. Шараға әскери ардагерлер, Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері, 5...
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.05.2023
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика